Мазмұны

 

Кіріспе                    3

«Компания Жасұлан» ЖШС-ның тарихы 4

Поездардың қозғалысын диспетчерлік реттеу 7

КС негізгі пайдаланушылары 8

Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары 9

Вагон депосы операторы 10

Станция жұмысының тәуліктік жоспар – графигін құрастыру 14

«Evolution» сериялы ТЭ33А магистральді жүк бір секциялы тепловозы  17

Қорытынды 18

Пайдаланылған әдебиеттер 19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы теміржол көлігін қайта құрастыру бағдарламасына сәйкес, «Компания Жасұлан» Акционерлік қоғамына Павлодар, Екібастұз станцияларындағы пайдалану деполары, вагон жөндеу базасының мүлкі тапсырылған болатын.

Тапсырылған мүлік базасында бөлімшелер «Компания Жасұлан» ЖШСның вагон жөндеу депосы ашылды. 2001 жылдың соңында вагон жөндеу депосымен жүк вагондарын жөндеу қызметін іске асыру үшін мемлекеттік теміржол көлігіЫнтымақтастық қатысушыларының Кеңесі Дирекциясымен шартты клейм нөмірлері берілді.

Вагон жөндеу депосының жобалық сомалық күші жылына 9000 вагонды құрайды. Бұлжүк вагондарын жөндеу түрлерінің жылдық мөлшерінің, барлық меншік түрлерінің — 40 % .

Депода вагон жөндеу әдіс – стационарлы, вагон құрастыру цехында бір уақытта 6 вагон жөндеуден өте алады. Жабық, жартылай вагондар, шандар (қазандықты жөндеусіз) және астық тасымалдаушылар жөндеуге мамандандырылған. 
Орналасқан жеріне байланысты жобалық күші жылына 9000 вагонды құрайтын, шандар, жабық, платформалар, жартылай вагондар, астық тасымалдаушылар жөндеуге мамандандырылған
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Компания Жасұлан» ЖШС-ның тарихы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметімен  «2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы теміржол көлігінің құрылымын қайта қарау бағдаралмасын»  қабылдауына байланысты 

 2002 жылғы 30 сәуірде «Компания Жасұлан» ЖШС компаниясының құрылуына мүмкіндік береді. Компанияның негізгі стратегиялық клиенті, «Компания Жасұлан» ЖШС  Қазақстанның энергетикалық саласы гигантының көмірін тасымалдау экспедициялауы басталды.   

2002 жылдың қараша айы — «Алтайвагон» ААҚ-мен келісімшарт бойынша бірінші 70 жаңа үсті ашық вагондарды меншікке сатып алу, олар 2002 жылдың 15 қарашасынан Петропавл ст. және Екібастұз- Солтүстік ст.  («Аксесс Энерго Петропавловская ТЭЦ-2» ЖШС, «Экибастузский энергоцентр» ЖАҚ және «AES Экибастуз» ЖШС) бағытында көмір тасымалдауына іске қосылады.

2003 жылдың ақпан айы – «Компания Жасұлан» ЖШС активтер бөлігін іске асыру бойынша «ҚТЖ»ҰК» ЖАҚ-пен жүргізілген тендерді ұтып, 2815 үсті ашық вагондардың иеленушісі болады, оның ішінде 2274 бірлігі жұмыс және 541 жұмыс емес паркінің. Сонымен қатар, компания  № 16 Екібастұз эксплуатациялық вагон депосы – жөндеу базасын сатып алып, вагондарды жөндеу және вагон тораптары мен бөлшектерін қалпына келтіру жөніндегі қызмет көрсету спектрін кеңейтеді.

Осы жылы компания соңында ұзақ мерзімді серіктес болып қалған «Фрахт Сервис» ЖШС-мен өзара әрекет етіп, қызметтің жаңа түрін – темір кеңді шикізат тасымалдауын меңгереді.

2003 жылдың қорытындылары бойынша «Компания Жасұлан» ЖШС  «Миттал Стил Темиртау» АҚ («Испат Кармет» ААҚ) үшін 600 мың тонна темір кеңнің тасымалдауын жүзеге асырды.

Қазіргі кезде «Миттал Стил Темиртау» АҚ «Компания Жасұлан» компаниясының стратегиялық клиенттерінің санына енеді. «Компания Жасұлан » негізгі жүгі — көмір  тасымалдау көлемі 2003 жылы 5,9 млн. тонна құрап,  26 есе өсті.

2004 жылы – Компания жүк үсті ашық вагондар меншік паркін 3000 бірлікке дейін, оның ішінде 200 жаңа үсті ашық вагондарды сатып алу жолымен көбейтеді. 2004 жылдың қорытындылары бойынша «Компания Жасұлан» меншік жылжымалы құрамымен 13,4 миллион тонна жүк тасымалдаған.

2005 жылы – тасымалдау географиясы кеңейіп, Қазақстанның үш және Ресейдің екі аймағын қамтиды. 2005 жылы «Компания Жасұлан» ЖШС тасымалданған жиынтық көлемнен халықаралық тасымалдауға 85, ішкі тасымалдауға – 15 пайыз келеді.

2004-2005 жылдар ішінде Компания маңызды табыстарға жетіп, Қазақстан темір жолы саласы реформаларының белсенді қатысушысы болады. Компания  құқықтық, нормативтік және тарифтік базаны бәсекелес орта талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеп өткізеді. Осы бағытта жұмыс істей отырып, Компания  басқа көлік кәсіпорындарымен және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ-мен тығыз өзара әрекет етеді. «Компания Жасұлан» ЖШС «Қазақстан Тасымалдаушылары мен вагон операторлары қауымдастығы» құрылтайшыларының бірі болып, «ҚР Ұлттық экспедиторлары қауымдастығының» қызметіне қатысады.

Клиент базасы да маңызы кеңейіп, Компанияның стратегиялық серіктестері «КазЦинк» АҚ,  «Қазақстан Темір жолы»ҰК» АҚ, «Жол жөндеуші» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ («Казжелдортранс» АҚ) болып табылады.

2005 жылдың желтоқсан айы – Компания ISO 9001:2000 халықаралық стандарты бойынша  сертификатталады.

2005 жылдың қорытындылары бойынша «Компания Жасұлан» ЖШС «Quality Award 2005» және «Успешная компания 2005 года»  сайыстарының жеңімпазы болып танылады.

2006 жыл – вагон паркінің қарқынды өсуі, тасымалдаудың рекордтық көлемі, жылжымалы құрам мен вагон қосалқы бөлшектерінің жөндеу нарығында жандандырылуы.

2007 жыл – Компания депосы базасында ТКОЖ вагон қызметтері басшыларының көшпелі кеңесін өткізу, жүк вагондарға күрделі-қалпына келтіру жөндеулерін өндіруге рұқсат алу. «Компания Жасұлан» ЖШС бес жылдығы.

2008 жыл – Компания «Жылдың үздік көлік компаниясы» номинациясындағы «Алтын Тұлпар» деген бірінші ұлттық қоғамдық көлік сыйының гран-приіне ие болып, «Компания Жасұлан» ЖШС бас директоры «Көлік саласындағы осы жылдың ең үздік басқарушысы» атағын алады.

2009 жыл – 2008 жылдың ISO 9001 нұсқасы халықаралық стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесін қайта сертификаттау.

«Компания Жасұлан» ЖШС филиалы –Екібастұз вагон депосы – бұл вагондар, доңғалақ жұптары жөндеуінің барлық түрлерін, тораптар мен бөлшектердің қалпына келтіруін жүзеге асыратын  замануи вагон жөндеу кәсіпорны.

Деподағы жүк вагондардың жөндеуін ұйымдастыру мен технологиясы жүк вагондардың, тораптары мен бөлшектерінің жөндеуін реттейтін нормативтік техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келіп, жұмыстың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Депо замануи жабдықпен қамтамасыз етіліп, Қазақстанда ең жақсының бірі  болып табылады.

1-сурет.Депоның ішкі көрінісі

 

Жөндеу технологиясында санды бағдарламалық басқару жүйесі, доңғалақ жұптары бөлшектерінің параметрлерін іріктеу үішн  автоматтандырылған кешендер, вагон бөлшектерін бұзбайтын бақылау (магнитті, ток құйынды, ультра дыбысты, феррозонды) құралдары, доңғалақ жұптарының осьтері мен жалдарын қалпына келтіру мен өңдеуге арналған жабдықтар қолданылады және тағы басқалары.

«Компания Жасұлан» ЖШС-нің маңызды стратегиялық артықшылығы меншік вагон жөндеу базасының болуы болып табылады. Ол меншік вагондардың жөндеуіне шығындарды мейілінше азайтуды және жөндеу сапасын арттыру есебінен вагон паркінің эксплуатациялық көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, «Компания Жасұлан» ЖШС деполық жөндеу жасағаннан кейін ағымдағы жөндеулерді өткізу қажеттілігі 2-3 есе қысқартылады.

Депо жөндеулердің барлық түрлерін жасайды: деполық, күрделі, күрделі-қалпына келтіру, доңғалақ жұптарының учаскелік жөндеуі, сондай-ақ элементтерді ауыстыруымен доңғалақ жұптарын жөндеу.

Депода ISO 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі сертификатталған.

Жөндеу сапасын «
Компания Жасұлан» ЖШС –нің тұрақты клиенттері болатын  көптеген қазақстандық жылжымалы құрам меншіктенушілері бағалауда.   
Компания жеке істің ыңғайын тауып, жөндеуге келіп түсетін жеке және шеттегі вагондар арасында айырмашылық жасамайды. Кәсіпорынға жұмыс сапасы  норма болғандықтан компания вагондар меншіктенушілеріне Екібастұз вагон депосында жөндеу нәтижесі ретінде вагон паркі
эксплуатациялық көрсеткіштерінің жүйелі жақсартуына сенімді кепілдік береді.

«Компания Жасұлан» ЖШС жөндеу жұмыстарын толық көлемде сапалы жиынтықты  бұйымдармен қамтамасыз етуге кепілдік береді.  Кәсіпорынмен вагондарды жөндеуде қолданылатын қажетті қосалқы бөлшектер, тораптар, бөлшектер мен материалдар барлық спектрінің тура жеткізілуі бабына келтірілген. Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның ең ірі өндірушілері компания жеткізушілері болып табылады.

«Компания Жасұлан» ЖШС темір жол көлігі нарығында көлік- экспедициялау, тасымалдау мен жөндеу қызметін жүзеге асыратын Қазақстанның жеке компаниялары арасындағы көшбасшыларының бірі.

2002 жылдың сәуір айында құрылу кезінен бастап «Компания Жасұлан» компаниясы темір жол көлігінің қызмет көрсету  нарығында аяққа нық тұрып қана қойған жоқ,  өзі және өз клиенттері үшін де оны маңызды түрде тұрақтандырды. Компания көрсететін қызмет көлемдерін қарқынды күшейтіп, тиімділігін арттырып, сапасын жақсартуда.

Қазіргі таңдағы «Компания Жасұлан» -бұл жыл сайын тасымалданатын 20 млн. тонна жүк 4000 астам үсті ашық вагон;

Казақстандағы ең жақсы вагон жөндеу депосы 460 кәсіпқойдан тұратын ұйымдастқан команда

ISO 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сай келетін сапа басқару жүйесі;

Қазақстан Тасымалдаушылары және вагон операторлары қауымдастығының құрылтайшысы мен мүшесі (КазТОҚ);

Қазақстан Республикасының Ұлттық Экспедиторлары қауымдастығының бірлескен мүшесі (ҚҰЭҚ);

Қазақстан Республикасы темір жол саласын реформалау процесінің белсенді қатысушысы.

Қызметіміздің стратегиялық мақсаты – қызмет көрсетулер мен тұрақты тұтынушылар мүдделерін барынша қанағаттануы арқылы Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамды жөндеу бойынша сапалы қызмет көрсетулердің вагондар операторлары мен жеткізушілер арасында жетекші көзқарасты нығайту мен сақтауы «Компания Жасұлан» ЖШС қызметтерге тұрақты сұранысты және орнықты пайданы қамтиды.

Көрсетілген мақсаттарға жету:

сапа саласында компания мен бөлімшелер белгіленген мақсаттардың өткізілімдігін, процесстердің нәтижелігін талдау арқылы сапа менеджмент жүйесін тұрақты жақсарту мен осы Саясаттың мақсаттарына сапа менеджмент жүйесінің жарамдылығымен;

сапаның халықаралық стандарттарына сәйкес көрсетілетін қызметтердің ұйымдастыру мен техникалық деңгейін жетілдірумен;

компаниямен басқару стратегиялық, операциялық, бюджеттік, қаржы қазіргі жүйелер мен тәуекел-менеджмент дамуымен;

компанияның табысты қызметінде тұтынушылар, жеткізушілер, акция иесілер және қоғамның түгелінде барлық мүдделі тараптар қанағаттануымен қамтамасыз етіледі.

Қызметіміздің негізі – қызметкерлеріміздің өмірі мен денсаулығының қорғауын қамтамасыз ету, олардың әл-ауқаттарын арттыру; барлық бизнес серіктестерімізге құрмет көрсету ; тұтынушылар және жеткізушілер қатынастарында ашықтық, оларға тең құқылық және өзара пайдалық серіктестік талаптарын жасау.

Біздің Саясатымызды жүзеге асыратын негізгі қағидаттар:

Кепілдік сапасы қызметінен бизнес сапасының түгел жоғарылауына көшу.

Сапаны сақтай,  жылжымалы құрамға  жасалатын жөндеудің өзіндік құнын төмендету.

Қызметкерлердің құзыреттілік деңгейін көтеру мақсатымен жүйелі оқу өткізу.

Әлуетті тәуекелдерді азайту және нәтижелерді арттыруға көзделген ұжым  ұйымдастыру.

Үдерістердің нәтижелігін қамтамасыз етуге қызмет көрсетудің барлық циклы бойынша қызметкерлердің жауапкершілігі  мен өкілеттіктерін бөлу.

Өнегелік пен материалдық жағдай жасау арқылы жоғары өнімді мен сапалық еңбек қызметкерлер уәждемесі.

Анықталатын сәйкессіздіктерді ескертуге ғана емес түзетуге де көшу.

Компанияның әрбір қызметкерінің ойлау мен іс-әрекеті арқылытұтынушылардың талаптары мен сұраныстарын барынша қанағаттандырудың есебі.

Басшылық  көрсетілген қағидаттарға жетуге ниеттенген, осыған кәсіпорынның барлық қызметкерлерін шақырады. Басшылық ISO 9001 талаптарына сай болу, сапа менеджмент жүйесінің нәтижелігін  арттыру және көрсетілген қызметтер сапасының үздіксіз жақсартуына талап ететін қаржы және материалдық қорларын бөлу, қажетті  ұйымдастыру талаптарын құруға міндеттенеді.

 

«Поездардың қозғалысын диспетчерлік реттеу» кәсіби стандарты

 

«Поездардың қозғалысын диспетчерлік реттеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Құрлық көлігі саласындағы қызметтер» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

 

КС негізгі пайдаланушылары:

 

1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

 

КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі — СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі — ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

 

 

КС паспорты мынаны анықтайды:

 

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі — 03-2007 ҚР МЖ) «52.21 Құрлық көлігі саласындағы қызметтер»;

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 178 бұйрығымен бекітілген теміржол көлігі басшылары, мамандар және басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі — БА);

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

поездар қозғалысын ұйымдастыру;

3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

 

 

Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары

 

«Вагон депосы диспетчері, вагон депосының аға диспетчері»

еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4-5; СБШ бойынша – 4-5;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі — ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 «Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)»3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагон қабылдаушы, аға вагон қабылдаушы;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы — моторвагонды жылжымалы құрамды ағымдық жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлеріне уақытылы қойылуына жағдай жасау;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары. Вагон депосы диспетчері, вагон депосының аға диспетчерінің еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 1-кестесінде келтірілген.

 

«Вагон депосы операторы»

 

Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4; СБШ бойынша – 4;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі — ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 4133 «Көлікте есеп жүргізумен айналысатын қызметкерлер»3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагон депосы операторы

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы — жөндеу жұмыстары түрлері бойынша және вагон депосындағы вагон типтері бойынша жарамсыз вагондардың бар болу есебін жүргізу;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон депосы операторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.

«Вагондарға қызмет көрсету және жөндеу (аға) операторы» еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4; СБШ бойынша – 4;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі — ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7511 «Теміржол көлігі жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысшылар кәсіптері»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагондарға қызмет көрсету және жөндеу (аға) операторы;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы — жүк вагондарына станцияның мамандандырылған жолдарында техникалық қызмет көрсету процесін жағдай жасауды, сонымен қатар жылжымалы құрамды деподағы автоматты және толассыз жолда жөндеу жұмыстарын басқару;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон депосы операторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.

Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.

КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

СТО келетін және жөнелтетін поездарға жүк құжаттарын өңдейді және таңдайды, станциядағы вагондарға құжаттарды сақтайды, локомотивтік бригадалардан құжаттарды қабылдайды және тапсырады. СТО қызметкерлері станция жолындағы вагондардың болуы мен орналасуына үздіксіз нөмірлік есепке алу жүргізеді, есептілік құрайды, сонымен бірге станция жолдарында вагондарды дер кезінде жөнелтуді бақылайды, поездар мен вагондар туралы ақпаратты қабылдайды және жібереді. СТО-да вагон парктерінің болуы және қолданылуы туралы есептілікті, вагондардың жолдан жолға және бөлімшеден бөлімшеге өтуін жасайды. СТО құру жоспарының сақталуын, толық салмақты және толық құрамды поездарды жөнелтуді бақылайды.

Құрамаларды өңдеуді жеделдету үшін станция аумағында СТО дұрыс орналастырудың мәні үлкен. СТО-ны учаскелік станцияда ИЦ мен маневрлік диспетчер орналасады. Ол оң жағынан қайта өңдеу паркі мен сұрыптау паркінің арасында орналасады. Осы жерде сол жағынан сұрыптау паркінің шыға берісінде шығынға жазудың телетайпты посттарымен СТО филиалы ұйымдастырылған. Олар үлкен диаметрлі пневмопочтамен қосылған. СТО штаты аға оператордан және станциядағы жұмыс көлеміне байланысты бір, екі ауысым операторынан құралады.

СТО операторы немесе поезды келгеннен соң өңдейтін ИЦ операторы кезекті ТГНЛ алады, берілген әрбір вагонның қарсы жағына құру жоспарының міндеттері немесе СП жолының нөмірін қоя отырып, айырады. Жүгі бар вагондардың міндетін бірыңғай желілік таңбалау кодтары бойынша, бос вагондар үшін вагондардың түрі бойынша анықтайды. Одан әрі топтағы вагондардың массасы мен санын есептейді: сұрыптау парағы үшін құру (ағыту) жоспары бойынша бірдей міндеттегі. Осыдан соң оператор әрбіреуі үшін қорытынды деректердің міндеті – вагондар массасы мен санын көрсете отырып, құру жоспарының міндеті бойынша барлық вагондарды бөлу кестесін құрайды. Өңделген ТГНЛ екі данасын станция жұмысын жоспарлау үшін маневрлік диспетчерге жібереді: жақын уақытқа поездарды қабылдау, тарату және құру үшін, поезды қабылдау жолдарын таңдау үшін. Диспетчер, поездың құрамы және қалыптасатын міндеттері туралы қорытынды деректерді басшылыққа ала отырып, құрамаларды тарату кезектілігін анықтайды. ДСЦ ТГНЛ бір данасын келгеннен соң поездарды өңдеумен айналысатын СТО операторына береді. Құрама мен тасымалдау құжаттарын тексерген соң, осы дананы төбешіктегі кезекшіге құраманы тарату кезінде сұрыптау табағы ретінде қолдануға береді. Екінші данасын вагондардың жинақталуын есепке алу жөніндегі операторға, белгіленген ТГНЛ үшінші данасы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің операторына жіберіледі. Жергілікті вагондар поездының құрамында күтілетін келуі туралы ақпаратты жүкті қабылдап алушыларға және жергілікті жұмыс жөніндегі диспетчерге жібереді.

Егер поездға ТГНЛ алынбаса, онда анықтама қағазды шынында келген құраммен салыстыру үшін телетайп немесе радионың көмегімен шығынға жазуды ұйымдастырады. Егер келу паркте құжаттарды жеткізу үшін тасымалдаушы құрылғылар болса, локомотивтік бригада пакетті (анықтама қағаздағы деректердің салыстырып түзетілгенмен сәйкестігін тексереді) қабылдау бункеріне тастайды. Егер мұндай құрылғылар болмаса, құжаттарды локомотив машинисті немесе оның көмекшісі СТО-ға тапсырады. Келген поездға құжаттарды алып, СТО операторы пакетті ашып, анықтама қағаздың деректерінің салыстырып түзетілген ТГНЛ-ға және вагонның құжаттарына сәйкестігін тексереді.

Салыстырып түзетілген ТГНЛ және таңбаланғанды маневрлік диспетчер орындаған, СП жолдары бойынша жеке вагондардың міндеттерінің өзгерістерін ескере отыырп, сұрыптау қағазын түзету үшін қолданады. Құрама мен құжаттарды өңдеуді аяқтаған соң, таңбаланған ТГНЛ данасын және транзитті вагондардың құжаттарын СТО операторы жөнелтуге жібереді. Вагондардың жолдан жолға ауысуын ескеретін пункттерде вагондардың тапсыруға жататын құжаттарын штампылайды. Таңбаланған және салыстырып түзетілген ТГНЛ бір данасын станция жолдарында вагондардың болуын үздіксіз нөмірлік есепке алу үшін қолданады.

Транзитті поездан ақау вагондарды ағыту кезінде маневрлік диспетчер оны станциядағы сондай міндеттегі вагондармен толықтырылуын қамтамасыз етеді.

 

Станция жұмысының тәуліктік жоспар – графигін құрастыру

Парктегі құрамдарды өңдеудің уақыт нормативтерін, поездық және маневрлік операциялардың ұзақтығын, маневрлік құралдардың, механикаландыру бригадалары мен кұралдарының сұраныстағы мөлшерін есептегеннен кейін, станция жұмысын кешенді талдау қажет. Бұл үшін тәуліктік жоспар-кестелерін құрады.

Тәуліктік жоспар-кесте дегеніміз – станция жұмысының: поездар қабылдануының, олардың парктегі өңделуінің және жөнелтілуінің графиктік суреттелуі. Жоспар-кестеде сондай-ақ вагондарды жүк бекеттеріне жіберу (жинау), тиеп-түсіру жұмыстары, контейнерлерді сұрыптау және шағын жөнелтулерді қоса санағандағы жергілікті вагондардың өңделулері көрсетіледі. Тәуліктік жоспар-кестенің мақсаты станцияның барлық цехтарының жұмысын, олардың поездардың келу және жөнелтілу кестесімен, кәсіпорындардың кірме жолдары жұмысымен өзара әрекеттерін келістіру, байланыстыру, жеке парктердің, жолдардың, мойыншалардың, маневрлік локомотивтердің жүктелуін анықтау, станциядағы әртүрлі өңдеу категориялары бар вагондарының тұру уақытының нормаларын анықтау. Жоспар-кестеде операцияаралық интервалдар, поездардың біркелкі еместігінен бос тұрулар, жол дамуының жетіспеушілігі, маневрлік локомотивтер саны және т.б. көрінеді. Тәуліктік жоспар-кестені құру барысындағы жұмысты қайта үлестіру, поездарды жинауды, жөнелтуді және тапсыруды реттеу, технологиялық процесті жетілдіруге, жұмыс көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. Жоспар-кестені бір тәулікке құрастырады.

Онда уақыт көлемінде мыналар көрсетіледі:

барлық станцияға жанасатын бағыттардан жүріс кестесі бойынша поездардың келуі;

олардың қабылдау паркінде қабылдау (стрелкалы мойыншада тұру), құрамдарды өңдеу, келесі операцияларды күтіп тұру уақытын көрсетіп орналасуы;

поездық және маневрлік қозғалыстардың қабылдау паркінің мойыншаларындағы, сұрыптау паркінің шығу мойыншасындағы, жергілікті вагондарды жіберу және жинау маршруттарындағы, жөнелту паркінің мойыншаларындағы көп жүктелген стрелкаларда орналасуы;

әрбір маневрлік локомотивпен орындалатын операцияларды көрсете
отырып құрамдарды тарату және құрылғылардың (дөңес, тартымдық жол)
бос еместігі;

құрамдардың жиналуының аяқталу кезеңдерін көрсете отырып, вагондардың сұрыптау жолдарында жиналуы, құрамдардың құрылуы және шығарылуы аяқталғаннан кейінгі сұрыптау жолдарының бос еместігі;

құрылудың аяқталу операцияларын бекітіп және жөнелту паркіне әрбір құрамды шығару арқылы тартымдық жолдар мен жеке маневрлік локомотивтердің жұмысы;

— жергілікті вагондардың маневрлік локомотивтермен жібірілуі және жиналуы

жүк пункттерінің жұмысы (жіберу уақыты, тиеп-түсіру, келесі операцияларды күтіп бос тұру);

құрамдарды өңдеу және жөнелтілуді күтіп тұру операцияларын
көрсете отырып, поездардың жөнелту және транзитті парктерде орналасуы;

поездардың кесте бойынша барлық станцияға жанасатын бағыттарға
жөнелтілуі.

Жоспар-кестені құрастырған кезде міндетті түрде әртүрлі қозғалыстардың қастасуын, операциялардың орындалуынан кейінгі құрылғылардың (жолдар, дөңестер, тартымдық жолдар), локомотивтер мен бригадалардың босау уақыттарын есепке алады. Бұл жеткіліксіз жол дамуы салдарынан станцияның қабылдай алмауынан болған операцияаралық тұруды және поездың бос тұруын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндағы міндеттің орындалуы, жеке қайта құру іс-шараларының арқасында, қосымша өңдеу қуаттылығын енгізе отырып, құрылғылардың мамандануын өзгертіп, мүмкін болатын шығындардың алдын алумен немесе оны азайтумен байланысты болмақ.

Нақты станцияның тәуліктік жоспар-кестесінің формасын, оның жол дамуының схемасын есепке алып, әрбір қабылдап-жөнелту, сұрыптау, дөңестік және тартымдық жолдарының, маневрлік локомотивтің, барлық маңызды жүк пункттерінің жұмысын көрсетіп, жүрісті лимиттейтін стрелкалардың жүктелуін бақылау отырып әзірлейді.

Жоспар-кестені кұру үшін, станцияның жұмыс технологиясын анықтайтын есеп нормативтерін пайдаланады:

станцияның және жүк пункттерінің схемасы;

парктер мен жолдардың мамандануы;

техникалық-реттеу актісі;

жақын жатқан учаскелердегі поездардың жүріс кестесі;

поездардың құрылу жоспары және тасымалдар маршруттауының
жоспары;

барлық категориялы поездар өңделуінің операциялық кестелері;

барлық маневрлер түріне арналған уақыт нормалары және поездар мен вагондарды өңдеу операциялары;

кірме жолдарды пайдалану келісімдері;

вагондарды жіберу және жинау;

кәсіпорынның станциялары мен кірме жолдарының бірегей
технологиялық жұмыс процесі.

Келетін поездардың құрамы, олардың саны өзгеріп тұрады. Сондықтан да жоспар-кестені жұмыстың өзіне тән жағдайлары бойынша, поездардың жүріс кестесімен белгіленген қозғалыс өлшемдеріне құрған жөн. Құрылу жоспарының тағайындалуы бойынша таратылуға келген құрамдардың орналасуын, станция жолдарында және тиеп-түсіру пункттеріндегі тәулік басындағы вагондар мен құрамдардың санын анықтама қағаздары бойынша және маневрлік диспетчердің өткен жылдың орташа есеппен бір декадасына орындалған кестелері бойынша анықтайды. Тиеу және түсіру өлшемдерін ағымдағы жылдың жоспарынан алады. Әдетте, талдау арқылы әрбір қайта өңделетін құрамдардың түрі бойынша орташа орналасуды бекітеді.

Жеке элементтердің жұмысын графиктік тексеру станция ерекшеліктерімен анықталады. Учаскелік станциялар үшін транзиттік поездардың үлкен ағыны кезінде, жоспар-кестеде олардың құрамдарының өңделуін топтармен және техникалық және коммерциялық тексерістер бригадаларымен көрсетіп, стрелкалы мойыншалардың жүктелуін бақылау аса маңызды болмақ; сұрыптау станциялары үшін құрамдардың таратылу және құрылу операцияларын; жүк станциялары үшін вагондардың берілуін және жиналуын, тиеп-түсіру пункттеріндегі операцияларды және автокөлік жұмысын көрсетеді.

Жоспар-кестені, ондағы өзара әрекет етуші процестер мен элементтер бір-бірімен қатар, шағын орналасатындай етіп жинақтаған дұрыс. Бұл мүмкін болатын қозғалыстардың қастасуын, операциялардың өз кезегімен жүруін бақылауды жеңілдетеді. Жоспар-кестені құрастырушы маман, технологияны графиктік тексеру кезінде оны толық есепке алу үшін станцияның жұмыс ерекшеліктерімен жақсы таныс болуы керек. Жоспар-кестені құру барысында анықталған кері құбылыстарды технологияны жетілдіру жолымен жоюға болады.

Тәуліктік жоспар-кестені жаңа технологиялық процесті дайындағаннан кейін, жаңа жүріс кестесін және поездардың кұрылу жоспарын енгізгеннен кейін кұрастырады. Ол техникалық құралдардың және берілген жұмыс көлемін орындайтын кадрлардың сұранысын нақтылауға, құрал-жабдықты пайдалану тәсілдерін белгілеуге, әртүрлі категориялы вагондар мен поездардың станцияда тұруының уақыт нормаларын, техникалық құралдардың пайдалану көрсеткіштерін есептеуге мүмкіндік береді.

Транзитті поездан ақау вагондарды ағыту кезінде маневрлік диспетчер оны станциядағы сондай міндеттегі вагондармен толықтырылуын қамтамасыз етеді.

 

 

«Evolution» сериялы ТЭ33А магистральді жүк бір секциялы тепловозы – қуаттылығы 3356 кВТ (4562 а.к.) тартым күшін осьтік реттейтін ауыспалы — айнымалы токты электрлі берілісті техникалық жағынан үздік және үнемді тепловоз.

Артықшылықтары:GEVO 12-цилиндрлік дизельді қозғалтқышы 2ТЭ10М және 2ТЭ116 локомотивтерінде орнатылған 10Д100 және Д49 дизель қозғалтқыштарымен салыстырғанда сәйкесінше техникалық қызмет көрсету, отыны және майы бойынша жылына АҚШ-тың 150 мың.долларынан астам көлемде үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Жөндеу аралық кезең 2ТЭ10М, 2ТЭ116 тепловоздары үшін 18 тәулікті құраса, бұнда жөндеу аралық кезең 92 тәулікті құрайды.

ТЭ33А бір секциялы жүк тепловозы 6000 тоннаға дейінгі салмақты поездарды алып жүруге қабылетті.

Жылына екіден кем бас тарту деңгейіндегі тепловоздың жоғары сенімділігі.

Атмосфераға шығарынды деңгейі UIC III A эмиссиясы бойынша стандарттарға, МЕМСТ Р 50953-96, МЕМСТ Р 50952-96 экологиялық талаптарына сәйкес келеді. 2ТЭ10М және 2ТЭ116 локомотивтерімен салыстырғанда атмосфераға залалды заттардың шығарылуы 40 пайыздан аса төмендетілді.

ТЭҚ-да ауысымды токты пайдалану үлкен тартымды күшпен қамтамасыз етеді және доңғалақтардың төсеммен ілінісуінің осьтік бақылауының нәтижесінде доңғалақтардың тұрып қалуын төмендетуге мүмкіндік береді.

Микропроцессорлық басқару жүйесі қозғалыс параметрін және жабдықтар жұмысын, диагностикалауға мүмкіндік береді, оператордың жұмысын жеңілдетеді.

ТЭ33А тепловозының негізгі сипаттамалары

ДГУ қуаттылығы -3356 кВТ (4564 а.к.)

АС/АС тартым күші осьтік реттелетін беріліс түрі.

Асинхронды үлгідегі ауыспалы-айнымалы токты алты ТЭҚ-тың старт алуы 534 кН болғанда, ұзақ мерзімде — 427 кН тартым күшін қамтамасыз етеді.

Максималды жылдамдығы — 120 шақырым/сағ.

Оське түсетін жүктеме — 23 т — +3%.

Отынның үлесті тиімді шығыны – 192 г/кВТ*сағ.

Қалдыққа кететін дизель майының шығыны, отын шығынына қарағанда – 0,3%.

Бос жүрістегі дизель отынының шығыны – 8,80 кг/сағ.

Табаны – 1520 мм.

Тепловоз қазіргі заманға сай қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін КЛУБ-У жүйесімен жарақтандырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Мен өндірістік тәжірибені Екібастұз қаласындағы «Компания Жасұлан» ЖШС компаниясының мекемесінде өттім.

Бұл мекемеде вагондарды техникалық тексеруден өткізіп оны жөндеу техникаларымен, тәсілдерімен, сызбаларымен, құрылғыларымен және жалпы депоның атқаратын қызметімен таныстым.

Осы мекемеде машинажасау саласында қолданылатын стандарттармен және конструкторлық бюро қызметімен таныстым.

Вагон жөндеу депосындағы қызметкерлер біздің диплом алды практикамызды өте сапалы өткізуімізге үлестерін қосты. Вагон жөндеудің

қиыншылықтарын сезіндік. Жөндеуден өтетін вагондарды орналастырудан бастап бұзылған, жарамдылық уакыты келген тетіктерін ауыстырып тексерістен өткізе білдік.

Бұл істеп үйренгеніміздің барлығы ең бірінші үлкен ұжымның арқасы деп білемін.

Осы диплом алды өткен практика бізге болашақта үлкен пайдасын тигізеді және Қазақстан Республикасының дамып өркендеуіне үлесімізді қосамыз.

Тәжірибеден өту кезінде осы уақытқа дейін алған теориялық білімімді тәжірибе жүзінде көрсетуге зор мүмкіндік болды.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

«Компания Жасұлан» ЖШС компаниясының жеке мұрағатынан